105 мыңнан аса қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

105 мыңнан аса қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Өткен тәулікте тағы 115 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 105 145 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 115 COVID-19 науқас анықталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 109 623.

Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 14309 (+13)

Алматы қаласы - 14539 (+12)

Шымкент қаласы - 5216 (+3)

Ақмола облысы - 3573 (+6)

Ақтөбе облысы - 3270 (+1)

Алматы облысы - 5028 (+4)

Атырау облысы - 11209 (+10)

Шығыс Қазақстан облысы - 9030 (+18)

Жамбыл облысы - 4155 (+2)

Батыс Қазақстан облысы - 6924 (+5)

Қарағанды облысы - 10416 (+16)

Қостанай облысы - 3552 (+5)

Қызылорда облысы - 3249 (+1)

Маңғыстау облысы - 3372

Павлодар облысы - 4073 (+11)

Солтүстік Қазақстан облысы - 4309 (+8)

Түркістан облысы – 3399

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 15 жағдайы және 5 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 16  адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 35 980, 387 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 28 239 жетті.

 

Фото: basnews.kz


×