105 мыңнан аса қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

105 мыңнан аса қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Өткен тәулікте тағы 29 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 105 030 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 102 COVID-19 науқас анықталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 109 508.

Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 14296 (+17)

Алматы қаласы - 14527 (+10)

Шымкент қаласы - 5213 (+2)

Ақмола облысы - 3567 (+5)

Ақтөбе облысы - 3269 (+1)

Алматы облысы - 5024 (+4)

Атырау облысы - 11199 (+8)

Шығыс Қазақстан облысы - 9012 (+15)

Жамбыл облысы - 4153

Батыс Қазақстан облысы - 6919 (+6)

Қарағанды облысы - 10400 (+9)

Қостанай облысы - 3547 (+4)

Қызылорда облысы - 3248

Маңғыстау облысы - 3372 (+1)

Павлодар облысы - 4062 (+11)

Солтүстік Қазақстан облысы - 4301 (+9)

Түркістан облысы – 3399

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 51 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 16  адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 35 965, 382 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 28 223 жетті.

 

Фото: liter.kz