Дәрігерлер тұрғындарды қарапайым санитарлық ережелерді сақтауға шақырды

COVID-19 және тұмау вирустарынан қалай сақтанамыз? Күзгі-қысқы маусым – респираторлық вирустардың қозатын кезеңі. Сондықтан бүкіл әлем коронавирус инфекциясының екінші толқынына дайындалуда. Дегенмен, мамандар індетті жұқтырып алмау үшін қарапайым санитарлық нормаларды сақтауға шақырады. Сонымен қатар күйзеліске түспеуді сұрайды. Ұзақ уақыт болатын күйзеліс адамның иммундық жүйесінің реакциясын әлсіретіп, жұқпамен күресуге көмектесетін ағзадағы лимфоциттердің санын азайтады дейді олар. Лимфоциттердің деңгейі неғұрлым төмен болса, жіті респираторлық вирусты жұқпаларды жұқтыру қаупі соғұрлым жоғары.

ЯНА ЛИВАК,  ҚАЛАЛЫҚ №15 ЕМХАНАНЫҢ ИНФЕКЦИОНИСТ ДӘРІГЕРІ:

 - Індеттің алғашқы толқыны қаншалықты ауыр болғанын білеміз. Сондықтан жаппай жұқтырғандарды болдырмау және өлім-жітімді алдын алу үшін қазірден бастап сақтық шараларына ерекше мән беруге, бетперде тағып жүруге тиіспіз. Барлық жерде 1 жарым, 2 метр арақашықтықты сақтап, қоғамдық орындарға бармауға тырысқан абзал. Егер де, сізде жөтел, мұрын бітелуі, дене қызуының көтерілуі, иіс-дәм сезбеу, демікпе сияқты белгілер пайда бола бастаса, дереу медициналық мекемеге немесе емдеуші дәрігеріңізге барыңыз!

Авторы: Әсел Күшенғалиева

 

Фото: inpress.ua