104 мың 525 қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

104 мың 525 қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Өткен тәулікте тағы 179 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 104 525 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 110 COVID-19 науқас анықталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 109 094.

Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 14231 (+18)

Алматы қаласы - 14483 (+10)

Шымкент қаласы - 5209 (+2)

Ақмола облысы - 3544 (+7)

Ақтөбе облысы - 3261 (+3)

Алматы облысы - 5003 (+4)

Атырау облысы - 11172 (+10)

Шығыс Қазақстан облысы - 8966 (+12)

Жамбыл облысы - 4149 (+2)

Батыс Қазақстан облысы - 6898 (+4)

Қарағанды облысы - 10369 (+6)

Қостанай облысы - 3530 (+3)

Қызылорда облысы - 3245

Маңғыстау облысы - 3367 (+4)

Павлодар облысы - 4015 (+11)

Солтүстік Қазақстан облысы - 4257 (+14)

Түркістан облысы – 3395

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 159 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 82  адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 35 393, 374 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 28 060 жетті.

 

Фото: businessfm.kz