104 мың 300-ден аса қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

104 мың 300-ден аса қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Өткен тәулікте тағы 143 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 104 346 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 83 COVID-19 науқас анықталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 108 984.

Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 14213 (+7)

Алматы қаласы - 14473 (+10)

Шымкент қаласы - 5207

Ақмола облысы - 3537 (+6)

Ақтөбе облысы - 3258 (+1)

Алматы облысы - 4999 (+4)

Атырау облысы - 11162 (+9)

Шығыс Қазақстан облысы - 8954 (+11)

Жамбыл облысы - 4147 (+2)

Батыс Қазақстан облысы - 6894 (+4)

Қарағанды облысы - 10363 (+6)

Қостанай облысы - 3527 (+4)

Қызылорда облысы - 3245

Маңғыстау облысы - 3363 (+1)

Павлодар облысы - 4004 (+5)

Солтүстік Қазақстан облысы - 4243 (+12)

Түркістан облысы - 3395 (+1)

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 321 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 269  адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 35 234, 373 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 27 978 жетті.

 

Фото: vgr.by


×