104 мың 200-ден аса қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

104 мың 200-ден аса қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Өткен тәулікте тағы 162 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 104 203 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 70 COVID-19 науқас анықталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 108 901.

Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 14206 (+3)

Алматы қаласы - 14463 (+9)

Шымкент қаласы - 5207 (+4)

Ақмола облысы - 3531 (+5)

Ақтөбе облысы - 3257

Алматы облысы - 4995

Атырау облысы - 11153 (+8)

Шығыс Қазақстан облысы - 8943 (+11)

Жамбыл облысы - 4145 (+2)

Батыс Қазақстан облысы - 6890 (+5)

Қарағанды облысы - 10357 (+6)

Қостанай облысы - 3523 (+4)

Қызылорда облысы - 3245

Маңғыстау облысы - 3362

Павлодар облысы - 3999 (+1)

Солтүстік Қазақстан облысы - 4231 (+12)

Түркістан облысы – 3394

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 4 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 10 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 34 913, 370 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 27 709 жетті.

 

Фото: basnews.kz