Қазақстанда өткен тәулікте бірден 107 адамда індет анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте бірден 107 адамда індет анықталды

Қазақстанда коронавирус инфекциясының расталған жағдайы тағы көбейіп тұр. Өткен тәулікте республикада бірден 107 адамда COVID-19 диагнозы расталды. Еске салайық, 8 қазанда 92 дерек тіркелген болатын.

Ең көп науқас Нұр-Сұлтан қаласында – 17 адам.  Одан кейін Шығыс Қазақстан облысында 16 және Солтүстік Қазақстан облысында 14 жағдай расталды.  Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 108 мың 561. 

Аймақтардағы ахуал төмендегідей:

Алматы қаласы - 14430 (+11)

Нұр-Сұлтан қаласы - 14170 (+17)

Атырау облысы - 11128 (+8)

Қарағанды облысы - 10328 (+6)

Шығыс Қазақстан облысы - 8884 (+16)

Батыс Қазақстан облысы - 6877 (+3)

Шымкент қаласы - 5198 (+3)

Алматы облысы - 4992 (+3)

Солтүстік Қазақстан облысы - 4183 (+14)

Жамбыл облысы - 4134 (+2)

Павлодар облысы - 3975 (+9)

Ақмола облысы - 3514 (+4)

Қостанай облысы - 3508 (+3)

Түркістан облысы - 3392 (+4)

Маңғыстау облысы - 3349 (+3)

Ақтөбе облысы - 3254 (+1)

Қызылорда облысы - 3245

Сонымен қатар, жазылып шыққандар қатары да артып келеді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда өткен тәулікте 154 адам қауіпті вирусты жеңіп шықты.

 

Фото: informburo.kz


×