103 мың 600-ден аса қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

103 мың 600-ден аса қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Өткен тәулікте тағы 139 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 103 604 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 92 COVID-19 науқас анықталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 108 454.

Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 14153 (+8)

Алматы қаласы - 14419 (+10)

Шымкент қаласы - 5195 (+2)

Ақмола облысы - 3510 (+4)

Ақтөбе облысы - 3253 (+1)

Алматы облысы - 4989 (+4)

Атырау облысы - 11120 (+8)

Шығыс Қазақстан облысы - 8868 (+19)

Жамбыл облысы - 4132 (+1)

Батыс Қазақстан облысы - 6874 (+2)

Қарағанды облысы - 10322 (+5)

Қостанай облысы - 3505 (+3)

Қызылорда облысы - 3245

Маңғыстау облысы - 3346 (+3)

Павлодар облысы - 3966 (+7)

Солтүстік Қазақстан облысы - 4169 (+9)

Түркістан облысы - 3388 (+6)

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 266 жағдайы және 1 өлім тіркелді тіркелді. Оған қоса 9 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 34 143, 362 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 27 572 жетті.

 

Фото: baigenews.kz