Коронавирустың екінші кезеңіне дайындық

Коронавирустың екінші кезеңіне дайындық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің екінші кезеңіне дайындық мәселелері бойынша кеңес өткізді. Президент шетелдермен байланысты оңтайландыруға, шекара бекеттерін нығайтуға, сондай-ақ коронавирусқа тестілеудің қолжетімділігіне ерекше назар аударды.

Мемлекет басшысы инфекцияның екінші кезеңінде медицина қызметкерлеріне жүктеме артатынын, сол себепті ақ халаттыларға қолдау көрсету аса маңызды екенін айтты. Президенттің тапсырмасы бойынша екінші жартыжылдықта қосымша төлемдерге 150 млрд теңгеден аса қаржы бөлінді. Алайда, үстемеақы мен сақтандыру төлемдерін алуда әлі де бюракратиялық кедергілер бар, деді Мемлекет басшысы. Осыған байланысты ол Үкіметке қайтыс болған дәрігерлердің отбасыларына төленетін барлық жәрдемақыларды егжей-тегжейлі тексеріс жүргізбей төлеуді тапсырды.

Отырыс барысында Премьер-Министр Асқар Мамин, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, сондай-ақ қалалар мен облыс әкімдері есеп берді.

 

Фото: akorda.kz