103 мыңнан аса қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

103 мыңнан аса қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Өткен тәулікте тағы 90 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 103 367 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 60 COVID-19 науқас анықталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 108 296.

Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 14134 (+2)

Алматы қаласы - 14403 (+5)

Шымкент қаласы - 5191

Ақмола облысы - 3504 (+4)

Ақтөбе облысы - 3252

Алматы облысы - 4983 (+2)

Атырау облысы - 11106 (+4)

Шығыс Қазақстан облысы - 8835 (+16)

Жамбыл облысы - 4130 (+1)

Батыс Қазақстан облысы - 6870 (+1)

Қарағанды облысы - 10314 (+6)

Қостанай облысы - 3500 (+2)

Қызылорда облысы - 3244

Маңғыстау облысы - 3343 (+2)

Павлодар облысы - 3955 (+5)

Солтүстік Қазақстан облысы - 4152 (+9)

Түркістан облысы - 3380 (+1)

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 7 жағдайы және 1 өлім тіркелді. Оған қоса 10 адам емделіп шықты.

1 тамыздан бері ауырғандар саны - 33 615 жетсе, қайтыс болғандар – 361. Ал жазылып шыққандардың саны 27 517 жетті.

 

Фото: almaty.tv