Қазақстанның әуежайларында санитарлық-эпидемиологиялық шараларды қатаңдату

103 мыңнан астам қазақстандық коронавирусты жеңіп шықты! Республикада қауіпті инфекциядан айыққандар саны өсуде. Мәселен, өткен тәулікте ауруханалардан тағы 72 адам шығарылса, індетті жұқтырғандардың саны 59 адам болды.  Осы орайда, еліміздің 5 облысы мен Шымкент қаласында бүгінде қайғылы тізім қатары көбеймегендігін, яғни бірде-бір ауру жағдайы анықталмағандығын атап өткен жөн.

Алайда шетелде қатерлі індеттің таралу жағдайы күрделене түсуде. Сондықтан қазақстандық санитарлық дәрігерлер жұқпалы ауруды қайта әкелуге жол бермеу үшін барлық амалды жасап, дабыл қағуда. Осыған байланысты еліміздің әуежайларында санитарлық-эпидемиологиялық шаралар күшейтілуде. Мысалы, Алматыдағы мемлекеттік шекарада қатаң ережелер енгізілген. Біріншіден, ертең түннен бастап күшіне енетін жаңа ережелер жолаушыларға әсер ете бастайды. Температурасы немесе аурудың басқа белгілері бар адамдар дереу жедел жәрдем көмегімен ауруханаларға жіберіледі. Сонымен қатар, елге коронавирус індеті табылмады деген анықтамасы жоқ шетелдіктерге кіруге тыйым салынады. Ал, өз кезегінде қазақстандықтарға ПЦР-тестсіз елге кіруге болады, алайда аурудың жоқтығын дәлелдейтін анықтама дайын болғанша оқшауда, арнайы қонақ үйлерде түнеуге тура келеді.

 

Фото: dknews.kz