QazCovid-in: КВИ-ға қарсы отандық вакцинаның клиникалық сынақтары қалай өтуде?

QazCovid-in: КВИ-ға қарсы отандық вакцинаның клиникалық сынақтары қалай өтуде?

Алматыда отандық СOVID-19 вакцинасын сынақтан өткізу басталды. Бір апта бұрын Ұлттық ғылыми фтизиопульмонология орталығының базасында дәрі-дәрмек 18-50 жас аралығындағы 44 еріктіге енгізілді. Вакцинацияланған адамдар алғашқы қан анализін тапсырды. Індетке қарсы дәріні әзірлеушілер шыққан нәтижелер үміт сыйлайтындығын айтады.

«Қазіргі уақытта біздің алғашқы СOVID-19 -ға қарсы вакцинамыз толығымен қауіпсіз және зиянсыз екенін анықтадық. Зерттеу барысында ешқандай реактогенділік байқалмады», - дейді QazCovid-іn вакцинасын клиникалық сынау бағдарламасының ғылыми жетекшісі Берік Хайруллин.

Бұған дейін отандық препарат зертханалық жануарларға сәтті сыналған болатын. Ал биылғы жылдың тамыз айында Qazcovid-in вакцинасын әзірлеуші, ғылыми жетекші 7 маман сынап көрді.

«Алдағы уақытта клиникалық зерттеулердің екінші кезеңі болады. Егер бірінші кезеңде біз негізге қауіпсіздік пен иммунитетті алып, тексерген болсақ, екінші кезең иммуногенділік пен қауіпсіздікке бағытталып отыр. Екінші кезеңде «қосу-қоспау» критерийлері бойынша 200 еріктілерге қатысады және сол бойынша вакцинация режимі анықталады»-, дейді QazCovid-іn вакцинасын клиникалық сынау бағдарламасының ғылыми жетекшісі Берік Хайруллин.

QazCovid-in вакцинасы иммунитеттің тұрақтануын тудырады. Бұл вакцина алғаш енгізгеннен кейін шамамен 20 күн өткен соң анықталды. Берік Хайруллиннің айтуынша, тіпті екі рет иммундау жүйесі болуы мүмкін. Болашақта зерттеу жұмыстары иммунитеттке бағытталатын болады. Вакцинаны қабылдайтын еріктілерге қойылатын басты талап, олардың дені сау, созылмалы инфекциялар мен аллергиялық реакциялардан аулақ болуы тиіс.

«Вакцинаны жаппай қолдану үшін, біріншіден, тіркеуден өту қажет. Қазіргі таңда зерттеудің 3-кезеңінің қажеттілігі анықталуда. Негізі зерттеудің 3-кезеңі аурудың эпидемиялық маусымында, яғни ауырған адамдардың күрт көбеюі кезеңінде жүзеге асырылады. Сондықтан екінші фазаны өткізу нәтижелері бойынша осы параметрлерді анықтай отырып, 3-фазаны өткізу қажеттілігі айқындалады. Әрине 3-фазаныкөптеген елдер жүргізеді. Біз де зерттеу жүргізуге дайынбыз»-, дейді QazCovid-іn вакцинасын клиникалық сынау бағдарламасының ғылыми жетекшісі Берік Хайруллин.

Коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмекті еріктілер арасында сынау уақытылы жүргізіліп жатқандығын атап өткен жөн. Халық арасында жаппай қолдану келесі жылдың басына жоспарланған. Ал екпенің қалай жүргізілетінін және қанша тұратынын ҚР Денсаулық сақтау министрлігі анықтайды.

 

Фото: inform.kz