2,9 мыңнан астам медицина қызметкері COVID-19 инфекциясын және пневмонияны жұқтыруына байланысты МӘСҚ-тан төлемдер алды

2,9 мыңнан астам медицина қызметкері COVID-19 инфекциясын және пневмонияны жұқтыруына байланысты МӘСҚ-тан төлемдер алды

Коронавирустық инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін біржолғы әлеуметтік төлемді COVID-19-бен күресуге тартылған 2955 медицина қызметкері алды. Сондай-ақ, МӘСҚ аурудың салдарынан қайтыс болған 29 медицина қызметкерінің туыстарына төлемдер аударды.

Өңірлер бөлінісінде медицина қызметкерлеріне төлемдер Нұр-Сұлтан (638) және Алматы (373), Шымкент (140) қалалары, Қарағанды (368), Батыс Қазақстан (250), Атырау (180) және Ақмола (180) облыстары бойынша жүргізілді.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен ҚР Денсаулық сақтау министрінің 9 сәуірдегі «Денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы күрес жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлері аталған инфекцияны жұқтырған немесе одан қайтыс болған жағдайда оларға біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бірлескен бұйрығына ағымдағы жылдың 22 шілдесінде енгізілген өзгерістерге  сәйкес жоғарыда көрсетілген төлем:

– коронавирустық инфекция немесе вирустық пневмония жұқтырған медицина қызметкерлеріне – 2 млн теңге;

– COVID-19 коронавирустық инфекциясын жұқтырғаннан,  вирустық пневмониямен ауырып қайтыс болған жағдайда олардың отбасына – 10 млн теңге көлемінде төленеді.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

 

Фото: egemen.kz