102 736 қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

102 736 қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Өткен тәулікте тағы 70 адам коронавирустан емделіп шықты. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 102 736 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 52 COVID-19 науқас анықталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 107 775. Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 14075 (+1)

Алматы қаласы - 14376 (+6)

Шымкент қаласы - 5188

Ақмола облысы - 3484 (+4)

Ақтөбе облысы - 3244 (+2)

Алматы облысы - 4961 (+2)

Атырау облысы - 11080 (+4)

Шығыс Қазақстан облысы - 8692 (+14)

Жамбыл облысы - 4125 (+1)

Батыс Қазақстан облысы - 6855 (+1)

Қарағанды облысы - 10259 (+4)

Қостанай облысы - 3483 (+2)

Қызылорда облысы - 3242

Маңғыстау облысы - 3340

Павлодар облысы - 3911 (+6)

Солтүстік Қазақстан облысы - 4086 (+5)

Түркістан облысы - 3374

Сонымен бірге, өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 38 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 21 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 32 490, қайтыс болғандар - 350. Ал жазылып шыққандардың саны 27 057-ге жетті.

 

Фото: vedomosti.ru