102 мың 360 қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

102 мың 360 қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Өткен тәулікте тағы 37 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 102 360 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 61 COVID-19 науқас анықталды. Ең көп науқас Шығыс Қазақстан облысында – 18 адам. Одан кейін Қарағанды облысында (+6) келеді. Ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласында 5 адамда індет расталды.  Жалпы ел бойынша ауырғандар саны –  107 590.

Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 14050 (+5)

Алматы қаласы - 14364 (+5)

Шымкент қаласы - 5188

Ақмола облысы - 3471 (+3)

Ақтөбе облысы - 3239 (+1)

Алматы облысы - 4955 (+2)

Атырау облысы - 11067 (+3)

Шығыс Қазақстан облысы - 8644 (+18)

Жамбыл облысы - 4120 (+1)

Батыс Қазақстан облысы - 6850 (+3)

Қарағанды облысы - 10246 (+6)

Қостанай облысы - 3475 (+3)

Қызылорда облысы - 3242

Маңғыстау облысы - 3338

Павлодар облысы - 3897 (+4)

Солтүстік Қазақстан облысы - 4071 (+5)

Түркістан облысы - 3373 (+2)

Сонымен бірге, өткен тәулікте коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмонияның 231 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 109 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 31 991, қайтыс болғандар – 347,  ал жазылып шыққандардың саны 26 914 жетті.

 

Фото: baigenews.kz