Тағы 104 қазақстандық коронавирустан аман-есен жазылып шықты

Тағы 104 қазақстандық коронавирустан аман-есен жазылып шықты

Қазақстанда қауіпті инфекциядан арылып, қалыпты өмірге оралғандардың жалпы саны 104 адамға артып, 102 323-ке жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 79 COVID-19 науқас анықталды. Ауру жұқтыру жағдайларының көбі Шығыс Қазақстан облысында тіркелген – 21 адам. Одан кейін Нұр-Сұлтан қаласы (+16) және Атырау облысы (+5) келеді. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 107 529 адам.

Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 14045 (+16)

Алматы қаласы - 14359 (+3)

Шымкент қаласы - 5188 (+1)

Ақмола облысы - 3468 (+4)

Ақтөбе облысы - 3238

Алматы облысы - 4953 (+3)

Атырау облысы - 11064 (+8)

Шығыс Қазақстан облысы - 8626 (+21)

Жамбыл облысы - 4119

Батыс Қазақстан облысы - 6847 (+2)

Қарағанды облысы - 10240 (+5)

Қостанай облысы - 3472 (+2)

Қызылорда облысы - 3242 (+1)

Маңғыстау облысы - 3338

Павлодар облысы - 3893 (+3)

Солтүстік Қазақстан облысы - 4066 (+6)

Түркістан облысы - 3371 (+4)

Сонымен бірге, өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 228 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 31 760, қайтыс болғандар – 346,  ал жазылып шыққандардың саны 26 805 жетті.

 

Фото: kapital.kz