Қазақстанда тағы 155 адам коронавирустан жазылды

Қазақстанда тағы 155 адам коронавирустан жазылды

COVID-19 вирусынан емделіп шыққан қазақстандықтардың саны 102 219 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, соңғы тәулікте 155 адам коронавирустан сауығып шыққан. Сондай-ақ, өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 76 жағдайы тіркелді. Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 107 450-ге жетті. Ауру жұқтырғандар Шығыс Қазақстан облысында ең көп – 28 науқас. Ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласында 20 адамнан вирус анықталды. Шымкент қаласында, Жамбыл облысы, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау облыстарында коронавирус жұқтыру дерегі тіркелмеген.

Аймақтағы эпидемиологиялық ахуал төмендегідей:

Алматы қаласында - 14356(+3),

Нұр-Сұлтан қаласында -14029(+20),

Атырау облысында - 11056(+5),

Қарағанды облысында - 10235(+4),

Шығыс Қазақстан облысында - 8605 (+28),

Батыс Қазақстан облысында - 6845(+2),

Шымкент қаласында -5187(+0),

Алматы облысында - 4950(+3),

Жамбыл облысында - 4119(+0),

Солтүстік Қазақстан облысында - 4060(+5),

Павлодар облысында - 3890(+0),

Қостанай облысында - 3470(+2),

Ақмола облысында - 3464(+2),

Түркістан облысында - 3367(+0),

Маңғыстау облысында - 3338(+0),

Қызылорда облысында -3241(+1),

Ақтөбе облысында -3238(+1).

Сонымен қатар, өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 364 жағдайы тіркелді. 66 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 31532, 345 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 26805 жетті.