102 мыңнан аса қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

102 мыңнан аса қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Өткен тәулікте тағы 123 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 102 064 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 67 COVID-19 науқас анықталды. Ең көп науқас Шығыс Қазақстан облысында – 30 адам. Одан кейін Нұр-Сұлтан қаласында (+5) келеді. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 107 374.

Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 14009 (+5)

Алматы қаласы - 14353 (+4)

Шымкент қаласы - 5187 (+1)

Ақмола облысы - 3462 (+2)

Ақтөбе облысы - 3237

Алматы облысы - 4947

Атырау облысы - 11051 (+4)

Шығыс Қазақстан облысы - 8577 (+30)

Жамбыл облысы - 4119 (+3)

Батыс Қазақстан облысы - 6843 (+3)

Қарағанды облысы - 10231 (+4)

Қостанай облысы - 3468 (+3)

Қызылорда облысы - 3240 (+2)

Маңғыстау облысы - 3338 (+1)

Павлодар облысы - 3890

Солтүстік Қазақстан облысы - 4055 (+4)

Түркістан облысы - 3367 (+1)

Сонымен бірге, өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 20 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 30 адам емделіп шықты

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 31 168, қайтыс болғандар – 345,  ал жазылып шыққандардың саны 26739 жетті.

 

Фото: oxu.az