Гүлмира Исаева: Құс тұмауы Қазақстанның 5 бірдей облысынан табылды

Гүлмира Исаева: Құс тұмауы Қазақстанның 5 бірдей облысынан табылды

Қазақстанда 2 аптадан аз уақыт ішінде 14 мыңнан астам құс қырылды. Өлім бірден елдің бес аймағында тіркелді. Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ақмола және Қостанай облыстарында осындай деректер тіркелді. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Қазақстанның ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева хабарлады. Оның айтуынша, мамандар инфекцияның  ошағын анықтаған. Алғашында жабайы құстарға жұққан, содан кейін олар үй шаруасындағы құстарға келіп жеткен. Құстардың жаппай қырылуы  барлығының бір су қоймасын пайдалануынан болған. Сарапшылар бұл ауру адамдарға қауіп төндірмейтініне сенімді.

«Эпизоотиялық зерттеу солтүстіктен оңтүстікке қоныс аударып жатқан жабайы құстардан басталғанын көрсетті. Үй шаруасындағы құстарға індет бірлескен су қоймаларын пайдалану арқылы жұққан. Зертханалық зерттеулердің нәтижесінде жоғары патогенді құс тұмауы диагнозы қойылды», – деп атап өтті Гүлмира Исаева.

Естеріңізге сала кетейік, құс тұмауы инфекциясынан ең көп зардап шеккен Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлері. Салалық ведомствоның мәліметінше, тек 9-21 қыркүйек аралығында осы аймақтың 11 ауданында 11 мыңнан астам түрлі құс өлімі анықталған. Қазіргі таңда  Тимирязев, Шал ақын, Тайыншы, Жамбыл және Қызылжар аудандары, сондай-ақ Мағжан Жұмабаев және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандарда карантин. Қазір онда ауру құстар жойылуда. Карантиндік аймақтан тірі құс, инкубациялық жұмыртқа, мамық пен қауырсын, құс еті мен құс шаруашылығы өнімдерінің барлық түрін, құстарға арналған жемшөп пен жемшөп қоспаларын тасымалдауға тыйым салынды. Сондай-ақ, бұған дейін құстарды ұстауға, союға және кесуге пайдаланылған жабдықтарды тасымалдауға болмайды.

 

Фото: liter.kz