102 мыңға жуық қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

102 мыңға жуық қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Өткен тәулікте тағы 64 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 101 941 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 45 COVID-19 науқас анықталды. Ең көп науқас Шығыс Қазақстан облысында – 18 адам. Одан кейін Нұр-Сұлтан қаласында (+6) және Солтүстік Қаазақстан, Қарағанды облыстарында (+4) келеді. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны –  107307.

Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 14004 (+6)

Алматы қаласы - 14349 (+3)

Шымкент қаласы - 5186

Ақмола облысы - 3460 (+2)

Ақтөбе облысы - 3237

Алматы облысы - 4947

Атырау облысы - 11047 (+2)

Шығыс Қазақстан облысы - 8547 (+18)

Жамбыл облысы - 4116

Батыс Қазақстан облысы - 6840 (+2)

Қарағанды облысы - 10227 (+4)

Қостанай облысы - 3465 (+2)

Қызылорда облысы - 3238

Маңғыстау облысы - 3337

Павлодар облысы - 3890 (+1)

Солтүстік Қазақстан облысы - 4051 (+4)

Түркістан облысы - 3366 (+1)

Сонымен бірге, өткен тәулікте коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмонияның 52 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 40 адам емделіп шықты

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 31 148, қайтыс болғандар – 344,  ал жазылып шыққандардың саны 26 709 жетті.

 

Фото: kstnews.kz