101 500-ге жуық қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

101 500-ге жуық қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Өткен тәулікте тағы 188 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 101 455 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 72 COVID-19 науқас анықталды. Ең көп науқас Шығыс Қазақстан облысында – 20 адам. Одан кейін Нұр-Сұлтанда (+9) және Атырау облысында (+7) келеді. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 107 056.

Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 13962 (+9)

Алматы қаласы - 14329 (+4)

Шымкент қаласы - 5183

Ақмола облысы - 3452 (+3)

Ақтөбе облысы - 3232 (+1)

Алматы облысы - 4946 (+2)

Атырау облысы - 11030 (+7)

Шығыс Қазақстан облысы - 8463 (+20)

Жамбыл облысы - 4110 (+1)

Батыс Қазақстан облысы - 6830 (+4)

Қарағанды облысы - 10209 (+6)

Қостанай облысы - 3455 (+2)

Қызылорда облысы - 3236 (+2)

Маңғыстау облысы - 3337

Павлодар облысы - 3884 (+5)

Солтүстік Қазақстан облысы - 4035 (+5)

Түркістан облысы - 3363 (+1)

Сонымен бірге, өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 263 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 72 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 30 337, қайтыс болғандар – 335, ал жазылып шыққандардың саны 26 478жетті.

 

Фото: tengrinews.kz


×