COVID-19 індетінен сауығып шыққандарға тұмауға қарсы екпені кейінге қалдыру керек

COVID-19 індетінен сауығып шыққандарға тұмауға қарсы екпені кейінге қалдыру керек

Республиканың Денсаулық сақтау министрлігі КВИ-мен ауырған қазақстандықтарға бір айға тұмауға қарсы екпеден бас тартуды ұсынады. Министрлік, егер Covid-19-дан кейін бірден екпені салдыртсаңыз денсаулыққа қаупі барын ескертеді. Мысалы, екпенің орны ісіп кетуі, аллергия шығуы немесе дене қызуы 38 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.

«Бір уақытта біріктіруге болатын вакциналар бар, тек бір инфекцияға қарсы моновакциналар бар, ал коронавирус - бұл жаңа инфекция. Кез-келген инфекциядан соң адам, тек 21күндік инкубациядан кейін ғана толық жазылып шығады. Бірақ біз 1 ай уақытты алып отырмыз», -дейді ҚР ДСМ тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі сапасын бақылау комитетінің эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова.

Басқарма басшысының айтуынша, вакцинациядан кейін адам ауырып қалса да, ауруды әлдеқайда жеңіл, ешқандай асқыну белгілерінсіз өткізеді.

«Жалпы, тұмау ауруы асқыну түрлерімен адам денсаулығына қауіпті. Пневмония, бронхит түріндегі барлық ауыр зардаптарға вакцинация арқылы жол берілмейді», - деп толықтырды Роза Қожапова.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде тұмауға қарсы екпе науқаны басталды. Ол 15 қарашаға дейін жалғасады. Биыл Денсаулық сақтау министрлігі Ресейден препараттың үлкен партиясын сатып алды. Тегін вакцинация үшін 2 миллионнан астам доза сатып алынды.

 

Фото: kazpravda.kz