100 мыңнан аса қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

100 мыңнан аса қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Өткен тәулікте тағы 431 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 101 267 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 64 COVID-19 науқас анықталды. Ең көп науқас Шығыс Қазақстан облысында – 18 адам. Одан кейін Атырау облысында (+8) және Нұр-Сқлтан қаласында (+7) келеді. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 106 984.

Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 13953 (+7)

Алматы қаласы - 14325 (+1)

Шымкент қаласы - 5183

Ақмола облысы - 3449 (+2)

Ақтөбе облысы - 3231

Алматы облысы - 4944 (+4)

Атырау облысы - 11023 (+8)

Шығыс Қазақстан облысы - 8443 (+18)

Жамбыл облысы - 4109 (+2)

Батыс Қазақстан облысы - 6826 (+4)

Қарағанды облысы - 10203 (+5)

Қостанай облысы - 3453 (+2)

Қызылорда облысы - 3234 (+1)

Маңғыстау облысы - 3337

Павлодар облысы - 3879 (+1)

Солтүстік Қазақстан облысы - 4030 (+6)

Түркістан облысы - 3362 (+3)

Сонымен бірге, өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 408 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 71 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 30 074, қайтыс болғандар – 332,  ал жазылып шыққандардың саны 26 406 жетті.

 

Фото: baigenews.kz