100 мың 800-ден аса қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

100 мың 800-ден аса қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Қазақстанда өткен тәулікте тағы 209 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 100 836 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 65 COVID-19 науқас анықталды. Ең көп науқас Шығыс Қазақстан облысында – 20 адам. Одан кейін Атырау облысында (+9) және Батыс Қазақстан облысында (+7) келеді. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 106 920.

Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 13946 (+3)

Алматы қаласы - 14324 (+2)

Шымкент қаласы - 5183

Ақмола облысы - 3447 (+3)

Ақтөбе облысы - 3231 (+1)

Алматы облысы - 4940 (+3)

Атырау облысы - 11015 (+9)

Шығыс Қазақстан облысы - 8425 (+20)

Жамбыл облысы - 4107

Батыс Қазақстан облысы - 6822 (+7)

Қарағанды облысы - 10198 (+5)

Қостанай облысы - 3451 (+2)

Қызылорда облысы - 3233

Маңғыстау облысы - 3337

Павлодар облысы - 3878 (+1)

Солтүстік Қазақстан облысы - 4024 (+6)

Түркістан облысы - 3359 (+3)\

Сонымен бірге, өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның  8 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 29 666, қайтыс болғандар – 331, ал жазылып шыққандардың саны 26 335-ке жетті.

 

Фото: pkzsk.info