99 мың 900-ге жуық қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

99 мың 900-ге жуық қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Өткен тәулікте тағы 239 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 99 893 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 64 COVID-19 науқас анықталды. Ең көп науқас Шығыс Қазақстан облысында – 17 адам. Одан кейін Алматы қаласында (+8) және Батыс Қазақстан облысында (+7) келеді. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 106 425.

Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 13892 (+2)

Алматы қаласы - 14284 (+8)

Шымкент қаласы - 5181

Ақмола облысы - 3424 (+3)

Ақтөбе облысы - 3223

Алматы облысы - 4909 (+1)

Атырау облысы - 10961 (+3)

Шығыс Қазақстан облысы - 8311 (+17)

Жамбыл облысы - 4101 (+4)

Батыс Қазақстан облысы - 6792 (+7)

Қарағанды облысы - 10153 (+6)

Қостанай облысы - 3436 (+2)

Қызылорда облысы - 3231

Маңғыстау облысы - 3334

Павлодар облысы - 3860 (+2)

Солтүстік Қазақстан облысы - 3990 (+5)

Түркістан облысы - 3343 (+4)

Сонымен бірге, өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 16 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 217 адам емделіп шықты

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 27 778, қайтыс болғандар – 315, ал жазылып шыққандардың саны 6 176 жетті.

 

Фото: inform.kz


×