1259 астам медицина қызметкері МӘСҚ-тан төлем алды

1259 астам медицина қызметкері МӘСҚ-тан төлем алды

COVID-19-бен күресуге тартылған 1 259 медицина қызметкері коронавирустық инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған жағдайда берілетін біржолғы әлеуметтік төлемді алды. Төлем мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы жасалды, деп хабарлайды еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі. 

Сондай-ақ ауру салдарынан қайтыс болған 11 медицина қызметкерінің туыстарына төлемдер аударылды. Өңірлер арасында біржолғы әлеуметтік төлемді Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары мен Алматы, Қарағанды және Ақмола облыстарының медицина қызметкерлері алды.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш төлемдер ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен ҚР Денсаулық сақтау министрінің 9 сәуірдегі «Денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы күрес жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлері аталған инфекцияны жұқтырған немесе одан қайтыс болған жағдайда оларға біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бірлескен бұйрығына сәйкес төленуде.

Құжатқа сәйкес, коронавирустық инфекция немесе вирустық пневмония жұқтырған медицина қызметкерлеріне  2 млн теңге;  ал қатерлі індеттен қайтыс болған дәрігерлердің  отбасына 10 млн теңге көлемінде біржолғы өтемақы төленеді.

 

Фото: profile.ru