Қазақстанда коронавирустан емделгендер саны 99 мыңнан асты

Қазақстанда коронавирустан емделгендер саны 99 мыңнан асты

Өткен тәулікте 505 адам жұқпалы індеттен жазылып шықты. Қазіргі таңда COVID-19 –дан емделіп шыққандар саны 99 523 адамға жетті.  Сондай-ақ    елімізде өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтыру бойынша  60 жағдай тіркелді. Осылайша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 106 361 жетті. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 5 151 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 31 бала бар. Стационарларда 2 761  науқас жатыр.  Ал 2 390 адам амбулаториялық жағдайда емделуде, деп хабарлайды  Денсаулық сақтау министрлігі.

Алматы қаласында - 14276(+4),

Нұр-Сұлтан қаласында -13890(+4),

Атырау облысында - 10958(+6),

Қарағанды облысында - 10147(+5),

 Шығыс Қазақстан облысында - 8294(+15),

Батыс Қазақстан облысында - 6785(+8),

 Шымкент қаласында -5181(+0),

Алматы облысында - 4908(+3),

Жамбыл облысында - 4097(+1),

Солтүстік Қазақстан облысында - 3985(+4),

Павлодар облысында - 3858(+4),

 Қостанай облысында - 3434(+3),

Ақмола облысында - 3421(+3),

Түркістан облысында - 3339(+0),

Маңғыстау облысында - 3334(+0),

Қызылорда облысында -3231(+0),

Өткен тәулікте 139 COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар  тіркелді.  Бір тәулік ішінде 2 адам жазылып шыққан. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 27 762, қайтыс болғандар - 314, сауыққандар: 5959.

 

Фото: azattyq-ruhy.kz