«Еренсіз болуға болмайды». Танымал қазақстандықтар коронавирусқа қатысты сақтық шараларына пікір білдірді

«Еренсіз болуға болмайды». Танымал қазақстандықтар коронавирусқа қатысты сақтық шараларына пікір білдірді

Әлемді дүрбелеңге салған короновирустың ошағы біртіндеп сейіліп, біздің елде де эпидемиологиялық жағдай айтарлықтай жақсарып келеді. Шектеу шаралары жеңілдетіліп,адамдар қалыпты өмірлеріне қайтып оралуда. Алайда, қатерлі індет түбегейлі жойылды, кетті, осымен болды деп айтуға әлі тым ерте.

Сондықтан мамандар ұлттың саулығы үшін халықты санитарлық талаптарға салғырт қарамай, қатаң сақтап жүруге шақырады. Қоғамдық орындарда көптеп жиналатын азаматтардың дені қарапайым сақтық шараларын елеуден қалды. Әлеуметтік қашықтық сақталмайды. Бәрі бірдей бетперде тағып жүрген жоқ. Өзгеден бұрын өз қауіпсіздігін тәуекелге тігіп жатқан жандар артып барады дейді мамандар. Танымал журналист Махаббат Есеннің айтуынша, қатерлі індет әлі де қауіпті. Сондықтан адамдарды айналасы мен өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға үндейді.

«Вирус күзде қайта өршуі мүмкін. Сондықтан қауіптің алдын алу керек. Ол үшін ел азаматтары сақтық шараларына немқұрайлы қарамауы керек. Бүгін індетті босатып жіберсек, ертең сан соғып қалуымыз мүмкін. Бастысы қашықтықты сақтап, санитарлық талаптарды орындау қажет. Бұл уақытша құбылыс емес. Вирус біздің өмірімізге келді. Бұл жағдайға бейімделе білуіміз керек. Өзін-өзі оқшаулау шараларына мән берген жөн. Әрбір азамат бұл маңызды істерге жауапкершілікпен қарағаны дұрыс», - дейді журналист.

Қатерлі індеттен тиімді қорғану жолдарына қатысты өз пікірімен олимпиада чемпионы Серік Сәпиев те бөлісті. Ол да қорғаныш шараларын қатаң сақтау керекдейді. Сондай-ақ, иммундық жүйені жақсарту үшін ағзаға пайдалы дәрумендер ішуге кеңес береді.

«Қалада тұмау, суық тию сынды вирустар пайда болғанда біз бірден олардан қорғанудың амалдарын қарастырамыз. Жылы киініп, пияз бен сарымсақ жейміз, С дәрумендерін, жеміс-жидектер қосылған шәй ішеміз. Коронавирус кезінде де дәл солай болу керек. Індет әлі тоқтаған жоқ. Шектеу шаралары толықтай алынбады. Сондықтан мен үкімет өкілдері мамандар айтқан барлық шараларды толықтай қолдаймын. Адамдарды да оларға құлақ асуға шақырамын», – дейді Серік Сәпиев.

Дейтұра, халықтың бәрі бірдей ескертулерге құлақ асып жатқан жоқ. Тыйым салуға қарамастан қонақ күтуден алдына жан салмайтын халық үлкен той жасауды әлі де доғаратын емес. Мамандар вирус  ең алдымен адамдар көп шоғырланған жерде тез тарайтынын тағы бір ескертеді. Бұл пікірді танымал шоумен Нұртас Адамбай да қолдап отыр.

«Мен де қауіпсіздік шаралардың қатаң сақталуын қолдаймын.Адамдарға карантиннің толықтай аяқталуын күтіп, сәл шыдамдылық таныту керек.  Барлығына зор денсаулық тілеймін»,- дейді актер.

Әнші Darkhan Juzz болса әрбір адам сақтық шараларыналдымен өзінен бастау керек деп санайды. Онымен қоса салауатты өмір салтынұстанған жөн дейді. Дене жатығулары денсаулықтың кепілі екенін жақсы түсінетінол әр таңын жүгіруден бастайды.

«Эпидемия сейіліп бара жатқаныменбосаңсуға болмайды. Алдын алу шараларына үлкен мән берген жөн. Ең бастысыадамдар көп жиналатын жерлерге барудан әзірге бас тарту керек деп ойлаймын», - дейдіәнші.

Еске салайық, бүгінде Қазақстанда 100 мыңға тарта адам қатерлі індеттіжұқтырған. Еліміздің атқа мінерлері мен қоғам қайраткерлері, зиялы қауымөкілдері мен белсенді азаматтар халықты санитарлық талаптарды сақтаудыүйреншікті әдетке айналдыруға шақырады.

 

Фото: investing.com