98 мыңнан аса қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

98 мыңнан аса қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Өткен тәулікте тағы 618 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 98 585 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 89 COVID-19 науқас анықталды. Оның ішінде 21 адам – клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушылар. Ең көп науқас Шығыс Қазақстан облысында – 16 адам. Одан кейін Нұр-Сұлтан қаласында (+13) және Алматы қаласында (+10) келеді. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 106 121.

Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 13864 (+13)

Алматы қаласы - 14248 (+10)

Шымкент қаласы - 5175

Ақмола облысы - 3410 (+5)

Ақтөбе облысы - 3221

Алматы облысы - 4900 (+2)

Атырау облысы - 10940 (+9)

Шығыс Қазақстан облысы - 8243 (+16)

Жамбыл облысы - 4093 (+4)

Батыс Қазақстан облысы - 6767 (+2)

Қарағанды облысы - 10126 (+8)

Қостанай облысы - 3425 (+3)

Қызылорда облысы - 3231

Маңғыстау облысы - 3334

Павлодар облысы - 3845 (+4)

Солтүстік Қазақстан облысы - 3971 (+7)

Түркістан облысы - 3328 (+6)

Сонымен бірге, өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 481 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 58 адам емделіп шықты

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 26 803, қайтыс болғандар – 305, ал жазылып шыққандардың саны 5 831 жетті.

 

Фото: kt.kz