Қазақстанда COVID-19 инфекциясына қарсы вакцинаны сынау үшін еріктілерді іздестіріледі

Қазақстанда COVID-19 инфекциясына қарсы вакцинаны сынау үшін еріктілерді іздестіріледі

Қазақстанда COVID-19 вирусына қарсы отандық вакцина еріктілерде сыналуға дайын. Сарапшылардың пікірінше, клиникаға дейінгі зерттеу кезеңінің нәтижелері көрсеткендей, COVID-19-ға қарсы отандық вакцина улы емес және оны одан әрі клиникалық зерттеулерде ерікті адамдарға қолдануға болады. Қазақстандық ғалымдардың айтуынша, жануарлар ағзасына үлкен дозаларды енгізу кезінде вакцинаның қауіпсіздігі мен уытты әсері мұқият тексерілді.

«Зерттеу аясында енгізу орнында аллергиялық реакция мен тітіркендіргіш әсердің болмауы анықталды. Жалпы зерттеу әдістерінен басқа, вакцинаның қауіпсіздік деңгейі қанның гематологиялық және биохимиялық көрсеткіштерімен расталды. Мұның бәрі дәрі-дәрмектің қауіпсіздік деңгейін анықтау үшін керек болатын. Зерттеу қорытындысы бойынша препарат келесі кезеңге өтуге дайын», - деді фармакологиялық сынақтар зертханасының меңгерушісі Валентина Шнаукшта.

Зерттеу Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының клиникалық базасында жүргізіледі. Вакцинаны сынауға қатыса алатын еріктілердің жасы – 18-ден 50 жасқа дейін, барлық қатысушылардың денсаулығы өте жақсы болуы керек.

 «Анамнезінде COVID-19 диагнозының болмауы. Сонымен қатар, зерттеу басталғаннан бастап соңғы 14 күнде еріктілер коронавирус инфекциясы зертханалық түрде расталған немесе инфекцияға күдікті адамдармен тығыз байланыста болмауы керек. Сондай-ақ, зерттеу ережелеріне сәйкес, қатысушыларда созылмалы инфекциялар мен аллергиялық реакциялар болмауы керек. Алкогольге және есірткіге тәуелді, психикалық ауытқулары, ауыр эндокриндік және бүйрек бұзылулары бар адамдар сынақтарға жіберілмейді. Еріктілер жүрек пен қан айналымы жүйесінің созылмалы аурулары бар диспансерлік есепте тұрмауы тиіс. Жүкті және бала емізетін әйелдер де зерттеуге қатыса алмайды»,- деп атап өтті БҚПҒЗИ.

Қазіргі таңда әлемнің 19 елінде клиникалық сараптамадан 33 вакцина өтіп жатқанын айта кету керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанда шығарылған отандық екпені ресми түрде клиникалық сынақтарға жіберілген вакциналар тізіміне өткен айдың соңында қосты.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

 

Фото: zakon.kz