Қазақстанда коронавирус инфекциясынан жазылып шыққандар саны 98 мыңға жуықтады

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан жазылып шыққандар саны 98 мыңға жуықтады

Өткен тәулікте тағы 596 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 97 967 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 88 COVID-19 науқас анықталды. Оның ішінде 33 адам – клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушылар. Ең көп науқас Нұр-Сұлтан қаласында – 18 адам. Одан кейін Шығыс Қазақстан облысында (+14) және Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында (+8) келеді. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 106 032.

Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 13851 (+18)

Алматы қаласы - 14238 (+5)

Шымкент қаласы - 5175 (+1)

Ақмола облысы - 3405 (+5)

Ақтөбе облысы - 3221 (+3)

Алматы облысы - 4898 (+1)

Атырау облысы - 10931 (+5)

Шығыс Қазақстан облысы - 8227 (+14)

Жамбыл облысы - 4089 (+5)

Батыс Қазақстан облысы - 6765 (+8)

Қарағанды облысы - 10118 (+8)

Қостанай облысы - 3422 (+4)

Қызылорда облысы - 3231

Маңғыстау облысы - 3334

Павлодар облысы - 3841 (+4)

Солтүстік Қазақстан облысы - 3964 (+7)

Түркістан облысы - 3322

Сонымен бірге, өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 571 жағдайы және 6 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 79 адам емделіп шықты

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 26 322, қайтыс болғандар – 301, ал жазылып шыққандардың саны 5 773 жетті.

 

Фото: radio1.news