97 мыңнан аса қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

97 мыңнан аса қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Өткен тәулікте тағы 472 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 97 371 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 72 COVID-19 науқас анықталды. Оның ішінде 14 адам – клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушылар. Ең көп науқас Шығыс Қазақстан облысында – 15 адам. Одан кейін Қарағанды облысы (+10) және Солтүстік Қазақстан облысында, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында (+8) келеді. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 105 944.

Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 13833 (+8)

Алматы қаласы - 14233 (+8)

Шымкент қаласы - 5174

Ақмола облысы - 3400 (+7)

Ақтөбе облысы - 3218

Алматы облысы - 4897 (+2)

Атырау облысы - 10926 (+1)

Шығыс Қазақстан облысы - 8213 (+15)

Жамбыл облысы - 4084 (+3)

Батыс Қазақстан облысы - 6757 (+5)

Қарағанды облысы - 10110 (+10)

Қостанай облысы - 3418 (+4)

Қызылорда облысы - 3231

Маңғыстау облысы - 3334

Павлодар облысы - 3837 (+1)

Солтүстік Қазақстан облысы - 3957 (+8)

Түркістан облысы - 3322

Сонымен бірге, өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 27 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 103 адам емделіп шықты

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 25 751, қайтыс болғандар – 295, ал жазылып шыққандардың саны 5 694 жетті.

 

Фото: inform.kz