Қазақстан вакцинасын ДДСҰ ресми түрде клиникалық сынаққа жіберді

Қазақстан вакцинасын ДДСҰ ресми түрде клиникалық сынаққа жіберді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты жасап шығарған қазақстандық екпені ресми түрде клиникалық сынақтарға жіберілген вакциналар тізіміне қосты. «Деактивацияланған вирусы бар вакцина клиникалық сынақтың 1/2 кезеңінде тұр»-, делінген ДДСҰ сайтында жарияланған хабарламада.

Бұл тізімге қазақстандық вакцинаны қосқанда 19 елдің 33 препараты еніпті. Олардың қатарында Ұлыбритания, Қытай, Ресей, АҚШ, Германия, Жапония,Үндістан, Оңтүстік Корея, Бельгия, Швеция, Сингапур, Италия, Аустралия,Тайвань, Куба, Франция, Аустрия және Канада секілді мемлекеттер бар.

Айта кетейік, бұған дейін коронавирус инфекциясына қарсы қазақстандық биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты жасап шығарған вакцина клиникаға дейінгі зерттеуден өткен еді. БҒМ мәліметінше ол сынақтар тамыз айында аяқталды. Ал қыркүйек айында вакцина адамдарға егіле басталады.

 

Фото: inform.kz