96 900-ге жуық қазақстандық коронавирустан жазылып шықты

96 900-ге жуық қазақстандық коронавирустан жазылып шықты

Өткен тәулікте тағы 602 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 96 899 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 77 COVID-19 науқас анықталды. Оның ішінде 18 адам – клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушылар. Ең көп науқас Шығыс Қазақстан облысында – 17 адам. Одан кейін Қарағанды облысы (+14) және Солтүстік Қазақстан және Атырау облысында (+9) келеді. Ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласында – 3 адам індетке шалдыққан. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 105 872.

Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 13825 (+3)

Алматы қаласы - 14225 (+3)

Шымкент қаласы - 5174

Ақмола облысы - 3393 (+7)

Ақтөбе облысы - 3218

Алматы облысы - 4895 (+1)

Атырау облысы - 10925 (+9)

Шығыс Қазақстан облысы - 8198 (+17)

Жамбыл облысы - 4081

Батыс Қазақстан облысы - 6752 (+3)

Қарағанды облысы - 10100 (+14)

Қостанай облысы - 3414 (+6)

Қызылорда облысы - 3231

Маңғыстау облысы - 3334

Павлодар облысы - 3836 (+2)

Солтүстік Қазақстан облысы - 3949 (+9)

Түркістан облысы - 3322 (+3)

Сонымен бірге, өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 10 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 16 адам емделіп шықты

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 25 724, қайтыс болғандар – 292, ал жазылып шыққандардың саны 5 591 жетті.

 

Фото: vesti-yamal.ru