95 мыңнан аса қазақстандық коронавирустан жазылып шықты

95 мыңнан аса қазақстандық коронавирустан жазылып шықты

Өткен тәулікте тағы 540 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 95 253 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 165 COVID-19 жұқтырған науқас анықталды. Оның ішінде 54 адам – клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушылар. Ең көп науқас Алматы қаласы мен Шығыс Қазақстан облысында – 26 адамнан. Одан кейін Қарағанды облысы (+19) және Нұр-Сұлтан қаласы (+14) келеді. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 105 408.

Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 13798 (+14)

Алматы қаласы - 14170 (+26)

Шымкент қаласы - 5171 (+2)

Ақмола облысы - 3367 (+9)

Ақтөбе облысы - 3212 (+2)

Алматы облысы - 4891 (+2)

Атырау облысы - 10883 (+9)

Шығыс Қазақстан облысы - 8114 (+26)

Жамбыл облысы - 4071 (+3)

Батыс Қазақстан облысы - 6732 (+10)

Қарағанды облысы - 10035 (+19)

Қостанай облысы - 3383 (+10)

Қызылорда облысы - 3231

Маңғыстау облысы - 3333 (+3)

Павлодар облысы - 3814 (+7)

Солтүстік Қазақстан облысы - 3906 (+12)

Түркістан облысы - 3297 (+11)

Сонымен бірге, өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 531 жағдайы және 7 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 43 адам емделіп шықты

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 24 632, қайтыс болғандар – 278, ал жазылып шыққандардың саны 5 299 жетті.

 

Фото: varlamov.ru