Коронавирустан емделіп шыққан қазақстандықтардың саны артты

Коронавирустан емделіп шыққан қазақстандықтардың саны артты

Қазақстанда бір тәулік ішінде 723 адам коронавирус инфекциясынан емделіп шықты. Сауыққандар саны Шығыс Қазақстан облысында ең көп, онда 313 адам қауіпті вирусты жеңіп шыққан. Алматы қаласында - 147, Қарағанды облысында 77 пациент қалыпты өмірге орала алады. Жалпы, республика бойынша коронавирустан жазылғандар саны – 94 713 адам.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, өткен тәулікте COVID-19 вирусы 168 адамнан анықталған. Оның ішінде клиникалық белгілері жоқ 85 тасымалдаушы тіркелді. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 105 243 адам.

Ел аймақтарындағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 13784 (+21)

Алматы қаласы - 14144 (+15)

Шымкент қаласы - 5169

Ақмола облысы - 3358 (+8)

Ақтөбе облысы - 3210 (+3)

Алматы облысы - 4889 (+6)

Атырау облысы - 10874 (+12)

Шығыс Қазақстан облысы - 8088 (+24)

Жамбыл облысы - 4068 (+2)

Батыс Қазақстан облысы - 6722 (+10)

Қарағанды облысы - 10016 (+19)

Қостанай облысы - 3373 (+8)

Қызылорда облысы - 3231 (+2)

Маңғыстау облысы - 3330 (+3)

Павлодар облысы - 3807 (+10)

Солтүстік Қазақстан облысы - 3894 (+11)

Түркістан облысы - 3286 (+14)

 

Фото: informburo.kz