Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 93 405-ке жетті

Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 93 405-ке жетті

Қазақстанда өткен тәулікте 184 адамда коронавирус анықталды. Оның ішінде клиникалық белгілері жоқ 72 тасымалдаушы тіркелді. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 104 902 адам. Осы күнге дейін 93 405 науқас індеттен сауығып шықты.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 9 963 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 49 өскіншек бала бар. Стационарларда 5 248 науқас жатыр. 4 715 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 308 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 61 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 47 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Нұр-Сұлтан қаласы - 13747 (+9)

Алматы қаласы - 14108 (+24)

Шымкент қаласы - 5167 (+2)

Ақмола облысы - 3343 (+12)

Ақтөбе облысы - 3203 (+4)

Алматы облысы - 4879 (+4)

Атырау облысы - 10845 (+12)

Шығыс Қазақстан облысы - 8037 (+30)

Жамбыл облысы - 4063 (+6)

Батыс Қазақстан облысы - 6701 (+11)

Қарағанды облысы - 9978 (+20)

Қостанай облысы - 3356 (+10)

Қызылорда облысы - 3228 (+1)

Маңғыстау облысы - 3322 (+7)

Павлодар облысы - 3791 (+14)

Солтүстік Қазақстан облысы - 3872 (+11)

Түркістан облысы - 3262 (+7)

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 18 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. 31 адам пневмониядан емделіп шықты.

 

Фото: ekaraganda.kz