ДДСҰ: бес жасқа толмаған балалардың бетперде тағуы міндетті емес

ДДСҰ: бес жасқа толмаған балалардың бетперде тағуы міндетті емес

Бес жасқа толмаған балалардың бетперде тағуы міндетті емес. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен БҰҰ балалар қоры (ЮНИСЕФ) мәлімдеді. Олардың айтуынша, бұл олардың қауіпсіздігі мен масканы дұрыс таға алмайтынына байланысты.

Ұйымдағы сарапшылардың айтуынша, 6-11 жас аралығындағы балалардың маска тағу қажеттігі туралы шешім баланың тұрғылықты жерінде инфекцияның қалай тарап жатқанын және баланың масканы қауіпсіз және дұрыс қолдана алатынын ескере отырып қабылдануы керек.

ДДСҰ мен ЮНИСЕФ 12 және одан үлкен жастағы балаларға ересектермен бірдей жағдайларда, әсіресе инфекция жаппай тарайтын аумақтарда баланың айналасындағылардан кемінде бір метр қашықта болуын қамтамасыз ету мүмкін болмаған кезде маска тағуды ұсынады.

Сонымен қатар, ДДСҰ маскалардың қолжетімділігі және оларды қандай да бір жағдайларда, мысалы, мектепте немесе балалар мекемелерінде, жуу және ауыстыру мүмкіндігі ескерілуі қажет дейді.

Айта кетейік, қазіргі уақытта әлемде 23 млн 358 мың адам індет жұқтырған, олардың ішінде 807 мыңнан астамы қайтыс болды.

 

Фото: ratel.kz