92 598 қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

92 598 қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Өткен тәулікте тағы 1509 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 92 598 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 175 COVID-19 науқас анықталды. Оның ішінде 68 адам – клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушылар. Ең көп науқас Шығыс Қазақстан облысында – 28 адам. Одан кейін Қарағанды облысы (+20) және Атырау облысында (+15) келеді. Ел астанасы Нұр-Сұлтанда инфекция 8 адамнан анықталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 104 718.

Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 13738 (+8)

Алматы қаласы - 14084 (+12)

Шымкент қаласы - 5165 (+1)

Ақмола облысы - 3331 (+14)

Ақтөбе облысы - 3199 (+5)

Алматы облысы - 4875 (+7)

Атырау облысы - 10833 (+15)

Шығыс Қазақстан облысы - 8007 (+28)

Жамбыл облысы - 4057 (+6)

Батыс Қазақстан облысы - 6690 (+13)

Қарағанды облысы - 9958 (+20)

Қостанай облысы - 3346 (+10)

Қызылорда облысы - 3227 (+1)

Маңғыстау облысы - 3315

Павлодар облысы - 3777 (+13)

Солтүстік Қазақстан облысы - 3861 (+12)

Түркістан облысы - 3255 (+10)

Сонымен бірге, өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 84 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 823 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 22744, қайтыс болғандар – 258. Ал жазылып шыққандардың саны 4519 жетті.

 

Фото: eadaily.com