86 мың 500-ге жуық қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

86 мың 500-ге жуық қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Өткен тәулікте тағы 164 адам коронавирустан емделіп шықты. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 86 450 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 244 COVID-19 науқасы анықталды. Оның ішінде 110 адам – клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушылар. Ең көп науқас Нұр-Сұлтан қаласында – 38 адам. Одан кейін Шығыс Қазақстан облысында (+27) және Алматы қаласында (+24) тіркелген. Жалпы республика бойынша ауырғандар саны – 103 815.

Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 13678 (+38)

Алматы қаласы - 13962 (+24)

Шымкент қаласы - 5155

Ақмола облысы - 3282 (+17)

Ақтөбе облысы - 3181 (+6)

Алматы облысы - 4848 (+4)

Атырау облысы - 10768 (+20)

Шығыс Қазақстан облысы - 7890 (+27)

Жамбыл облысы - 4026 (+8)

Батыс Қазақстан облысы - 6629 (+18)

Қарағанды облысы - 9872 (+25)

Қостанай облысы - 3303 (+13)

Қызылорда облысы - 3216 (+1)

Маңғыстау облысы - 3285 (+7)

Павлодар облысы - 3702 (+3)

Солтүстік Қазақстан облысы - 3808 (+16)

Түркістан облысы - 3210 (+17)

Сонымен бірге, өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияға шалдығудың 787 жағдайы және 6 адам өлімі тіркелді.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 20 541, қайтыс болғандар - 237.

 

Фото: astrakhan.su