Карантин аяқталған жоқ: ереже қай елде еленіп жатыр?

Карантин аяқталған жоқ: ереже қай елде еленіп жатыр?

Латынамерикалықтар дүрлікті: Аргентина тұрғындары карантин талаптарын сақтауға қарсы. Олар өз наразылықтарын білдіру үшін көшеге шықты. Еске салсақ, аталған мемлекетте 4 ай бойы жалғасып келе жатқан шектеу шаралары тамыз айының соңына дейін сақталады. Джонс Хопкинс университетінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, Аргентинада коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 300 мыңнан асады.

Санитарлық талаптарды мұқият ұстанатындар қатарынан Франция тұрғындары көрінді. Алда аурудың таралуын тежеу мақсатында барлық тұрғындарға маска кию міндеттелмек. Бұл шешімді ел билігі кәсіподақтармен келісе отырып қабылдаған. Шектеу шарасы 1 қыркүйектен бастап енгізіледі.

Оңтүстік Кореяда инфекция жұқтырғандар санының артуына байланысты бұқаралық шараларға тыйым салынып, бар және караокелер жабылатын болды. Қазір елде 16 мыңнан КВИ науқас тіркелген.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 22 миллион 148 мыңнан асқан. 780 мыңнан астам науқас ауруды жеңе алмай, қайтыс болды. 5 миллион 480 мың азаматы коронавирус жұқтырған АҚШ антирейтингті бастап тұр. Одан соң Бразилия, бұл елде 3 407 354 науқас анықталған. Үштікті ауру жұқтыру бойынша 2 767 253 адам көрсеткішпен Үндістан тұйықтап тұр. Одан кейін Ресей, Солтүстік Америка, Перу, Мексика, Колумбия, Чили және Испания елдері келеді.

Авторы: Данагүл Біләлова

 

Фото: osnmedia.ru