86 мыңнан аса қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

86 мыңнан аса қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Өткен тәулікте тағы 1841 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 86 286 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 271 COVID-19 науқас анықталды. Оның ішінде 148 адам – клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушылар. Ең көп науқас Шығыс Қазақстан облысында – 30 адам. Одан кейін Батыс Қазақстан облысында (+28) және Нұр-Сұлтан қаласында (+27) тіркелген. Жалпы республика бойынша ауырғандар саны – 103 571.

Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 13640 (+27)

Алматы қаласы - 13938 (+22)

Шымкент қаласы - 5155 (+3)

Ақмола облысы - 3265 (+16)

Ақтөбе облысы - 3175 (+5)

Алматы облысы - 4844 (+16)

Атырау облысы - 10748 (+17)

Шығыс Қазақстан облысы - 7863 (+30)

Жамбыл облысы - 4018 (+9)

Батыс Қазақстан облысы - 6611 (+28)

Қарағанды облысы - 9847 (+27)

Қостанай облысы - 3290 (+14)

Қызылорда облысы - 3215 (+2)

Маңғыстау облысы - 3278 (+8)

Павлодар облысы - 3699 (+7)

Солтүстік Қазақстан облысы - 3792 (+18)

Түркістан облысы - 3193 (+22)

Сонымен бірге, өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияға шалдығудың 1081 жағдайы және 11 адам өлімі тіркелді.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 19 754, қайтыс болғандар - 231.

 

Фото: ctu.kz