Коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан қазақстандықтар қатары 84 мыңнан асты

Коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан қазақстандықтар қатары 84 мыңнан асты

Өткен тәулікте елімізде тағы 1668 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 84 445 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде Қазақстан аумағында 267 COVID-19 науқас анықталды. Оның ішінде 123 адам – клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушылар. Ең көп науқас Алматы қаласында –  39 адам. Одан кейін Нұр-Сұлтан қаласында (+35) және Шығыс Қазақстан облысында (+30) тіркелген. Жалпы республика бойынша ауырғандар саны – 103 300.

Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 13613 (+35)

Алматы қаласы - 13916 (+39)

Шымкент қаласы - 5152 (+2)

Ақмола облысы - 3249 (+13)

Ақтөбе облысы - 3170 (+3)

Алматы облысы - 4828 (+5)

Атырау облысы - 10731 (+14)

Шығыс Қазақстан облысы - 7833 (+30)

Жамбыл облысы - 4009 (+10)

Батыс Қазақстан облысы - 6583 (+22)

Қарағанды облысы - 9820 (+32)

Қостанай облысы - 3276 (+16)

Қызылорда облысы - 3213 (+1)

Маңғыстау облысы - 3270 (+7)

Павлодар облысы - 3692 (+7)

Солтүстік Қазақстан облысы - 3774 (+24)

Түркістан облысы - 3171 (+7)

Сонымен бірге, өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияға шалдығудың 67 жағдайы және 2 адам өлімі тіркелді.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 18673, қайтыс болғандар - 220.

 

Фото: kaztag.kz