Карантин шараларын жеңілдету: мамандар қауіпсіздік туралы ұмытпауға шақырады

Карантин шараларын жеңілдету: мамандар қауіпсіздік туралы ұмытпауға шақырады

Қазақстанда COVID-19 таралу көрсеткіштері төмендегеніне қарамастан, мамандар босаңсуға жол бермей, алдын алу шараларын қатаң ұстануға шақырады. Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басшысы Дамир Көпжасаровтың айтуынша, әсіресе қауіп тобына жататын жасы 65-тен асқан адамдар қажеттен тыс сыртқа шықпағандары дұрыс.

«Елдегі ахуалдың тұрақтанғаны КВИ-дің таралуы тоқтады дегенді білдірмейді, қалыпты өмірге оралуға әлі ерте. Осыған дейін берілген кеңестерді әлі де ұстанған жөн. Негізінен инфекциялардың профилактикасы үшін жеке тазалық талаптары, оның ішінде қолды сабынмен жуу немесе зарарсыздандырушы құрал қолдану; респираторлық әдеп дейміз, бұл қоғамдық орындарда қауіпсіз қашықтықты сақтау (1 метрден кем емес) және ауру белгілері анықталған жағдайда медициналық көмекке жүгіну. Аталған ережелерді әрбір қазақстандық белгілеп алуы тиіс. Басты қауіпсіздік шараларына ең алдымен, әлеуметтік қауіпсіздікті сақтау, көшеде, қоғамдық орындарда маска және қолғап кию, антисептикалық қорғаныс жатады. Босаңсуға болмайды», - деп мәлім етті ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басшысы Дамир Көпжасаров.

Елімізде эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуіне байланысты шілде айында енгізілген карантин шаралары бүгіннен бастап кезең-кезеңімен жеңілдетіле бастады. Денсаулық сақтау саласының мамандары шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің бірқатары жұмыстарын қайта жандандырғанымен, коронавирус инфекциясы әлі де таралып жатқанын ұмытпау керектігіне назар аударады, Өйткені көп жағдайда адамдар симптомсыз ауырады немесе ауруы жеңіл өтеді. Сол себепті COVID-19 вирусынан қорғану үшін сақтық шараларының маңыздылығын есте ұстаған дұрыс.

«Айналамызда және жақын уақытта вирус жойыла қоймасы анық. Бірлесе әрекет етіп қана оны жеңуге болады. Ережені сақтасақ, оның қайта бас көтеруіне жол бермейміз. Ұлттық және халықаралық денсаулық сақтау органдарының нұсқауларын толықтай ұстану қажет. Қол тазалығын, респираторлық этикетті сақтап, 1 метрден кем емес арақашықтықты ұстанып, қажет орындарда маска киіп жүру керек. Осындай қиын кезеңде әр азаматтың ролі маңызды екенін естен шығармау қажет. Қоғамның жауапкершілігі, әр адамның саналы тәртібі денсаулық сақтау жүйесіне жүктемені азайтуға мүмкіндік береді», - деп мәлім етті ДДСҰ Қазақстандағы елдік кеңсесінің басшысы Кэролайн Кларинваль.

«COVID-19 таралуымен күрестегі жауапкершілік әр адамның мойнында. Сіздің қай жерде тұратыныңыз, мамандығыңыздың немесе жасыңыздың қандай екені маңызды емес, әр адам инфекция жұқтыру тізбегін үзіп жіберетін буынға айналуы тиіс. Осы ретте жастардың ролі ерекше маңызды, олар өмірдің қарапайым ережелерін ұстанудың үлгісіне айнала алады», - деп мәлім етті ДДСҰ-ның Қазақстандағы техникалық консультанты Виталий Стецик.

Авторы: Данагүл Біләлова

 

Фото: liter.kz