82 777 қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

82 777 қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Өткен тәулікте тағы 1219 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 82 777 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 337 COVID-19 науқас анықталды. Оның ішінде 172 адам – клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушылар. Ең көп науқас Алматы қаласында – 51 адам. Одан кейін Қарағанды облысы (+37) және Шығыс Қазақстан облысында (+36) тіркелген. Ел астанасы Нұр-Сұлтанда инфекция 34 адамнан анықталды. Жалпы республика бойынша ауырғандар саны – 103 033.

Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 13578 (+34)

Алматы қаласы - 13877 (+51)

Шымкент қаласы - 5150 (+4)

Ақмола облысы - 3236 (+24)

Ақтөбе облысы - 3167 (+2)

Алматы облысы - 4823 (+5)

Атырау облысы - 10717 (+10)

Шығыс Қазақстан облысы - 7803 (+36)

Жамбыл облысы - 3999 (+10)

Батыс Қазақстан облысы - 6561 (+24)

Қарағанды облысы - 9788 (+37)

Қостанай облысы - 3260 (+19)

Қызылорда облысы - 3212

Маңғыстау облысы - 3263 (+14)

Павлодар облысы - 3685 (+22)

Солтүстік Қазақстан облысы - 3750 (+25)

Түркістан облысы - 3164 (+20)

Сонымен бірге, өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияға шалдығудың 141 жағдайы және 2 адам өлімі тіркелді.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 18606, қайтыс болғандар - 218.

 

Фото: tv21.ru