78 633 қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

78 633 қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Өткен тәулікте тағы 1877 адам коронавирустан емделді. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 78 633 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 476 COVID-19 науқас анықталды. Оның ішінде 184 адам – клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушылар. Ең көп науқас Шығыс Қазақстан облысында – 97 адам. Одан кейін Нұр-Сұлтан қаласы (+66) және Қарағанды облысы (+44) келеді. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 101 848.

Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 13452 (+66)

Алматы қаласы - 13742 (+40)

Шымкент қаласы - 5134 (+3)

Ақмола облысы - 3172 (+21)

Ақтөбе облысы - 3143 (+9)

Алматы облысы - 4782 (+18)

Атырау облысы - 10673 (+15)

Шығыс Қазақстан облысы - 7622 (+97)

Жамбыл облысы - 3963 (+16)

Батыс Қазақстан облысы - 6482 (+32)

Қарағанды облысы - 9675 (+44)

Қостанай облысы - 3195 (+27)

Қызылорда облысы - 3207 (+8)

Маңғыстау облысы - 3220 (+13)

Павлодар облысы - 3610 (+11)

Солтүстік Қазақстан облысы - 3671 (+30)

Түркістан облысы - 3105 (+26)

Сонымен бірге, өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 934 жағдайы және 10 өлім жағдайы тіркелді.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 16 666, қайтыс болғандар - 198.

 

Фото: tr.mehrnews.com