76 756 қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

76 756 қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Өткен тәулікте тағы 2079 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 76 756 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 517 COVID-19 науқас анықталды. Оның ішінде 239 адам – клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушылар. Ең көп науқас Шығыс Қазақстан облысында – 85 адам. Одан кейін Қарағанды облысы (+56) және Алматы қаласы (+52) келеді. Ел астанасы Нұр-Сұлтанда инфекция 38 адамнан анықталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 101 372.

Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 13386 (+38)

Алматы қаласы - 13702 (+52)

Шымкент қаласы - 5131 (+10)

Ақмола облысы - 3151 (+32)

Ақтөбе облысы - 3134 (+10)

Алматы облысы - 4764 (+21)

Атырау облысы - 10658 (+20)

Шығыс Қазақстан облысы - 7525 (+85)

Жамбыл облысы - 3947 (+19)

Батыс Қазақстан облысы - 6450 (+39)

Қарағанды облысы - 9631 (+56)

Қостанай облысы - 3168 (+27)

Қызылорда облысы - 3199 (+4)

Маңғыстау облысы - 3207 (+21)

Павлодар облысы - 3599 (+19)

Солтүстік Қазақстан облысы - 3641 (+33)

Түркістан облысы - 3079 (+31)

Сонымен бірге, өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 972 жағдайы және 7 өлім жағдайы тіркелді.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 15732, қайтыс болғандар - 188.

Фото: liter.kz