Қазақстанда тағы мыңға жуық адам коронавирустан емделіп шықты

Қазақстанда тағы мыңға жуық адам коронавирустан  емделіп шықты

Қазақстанда өткен тәулікте 975 адам коронавирустан жазылғандар қатарын толықтырды. Осылайша, қауіпті инфекциядан айыққандар саны 74 677-ге жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтері бойынша, соңғы 24 сағат ішінде 691 COVID-19 науқас тіркелді. Соның ішінде клиникалық белгілері жоқ 377 тасымалдаушы анықталды. Ал, елдегі коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны – 100 855 адам.

Аймақтар бойынша эпидемиологиялық ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 13348 (+143)

Алматы қаласы - 13650 (+97)

Шымкент қаласы - 5121 (+7)

Ақмола облысы - 3119 (+50)

Ақтөбе облысы - 3124 (+16)

Алматы облысы - 4743 (+22)

Атырау облысы - 10638 (+21)

Шығыс Қазақстан облысы - 7440 (+75)

Жамбыл облысы - 3928 (+19)

Батыс Қазақстан облысы - 6411 (+45)

Қарағанды облысы - 9575 (+66)

Қостанай облысы - 3141 (+29)

Қызылорда облысы - 3195 (+9)

Маңғыстау облысы - 3186 (+15)

Павлодар облысы - 3580 (+26)

Солтүстік Қазақстан облысы - 3608 (+35)

Түркістан облысы - 3048 (+16)

Сонымен қатар, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша мәліметтерді де жариялады. Өткен тәулікте ол 1423 адамнан анықталса, 8 өлім жағдайы тіркелді.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 14760, 181 адам көз жұмды.

 

Фото: i3vestno.ru