Қазақстанда өткен тәулікте 1 179 адам коронавирустан емделіп шықты

Қазақстанда өткен тәулікте 1 179 адам коронавирустан емделіп шықты

Елімізде коронавирустан жазылғандар саны 73 702-ге жетті. Өткен тәулікте 1 179 адам инфекциядан айығып шықты, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі. Соңғы мәліметтерге сәйкес, 24 сағат ішінде 722 COVID-19 науқас тіркелді. Соның ішінде клиникалық белгілері жоқ 374 тасымалдаушы анықталды. Осылайша, елдегі коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 100 164-ке жетті.

Аймақтар бойынша эпидемиологиялық ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 13205 (+156)

Алматы қаласы - 13553 (+120)

Шымкент қаласы - 5114 (+7)

Ақмола облысы - 3069 (+23)

Ақтөбе облысы - 3108 (+5)

Алматы облысы - 4721 (+17)

Атырау облысы - 10617 (+11)

Шығыс Қазақстан облысы - 7365 (+90)

Жамбыл облысы - 3909 (+20)

Батыс Қазақстан облысы - 6366 (+51)

Қарағанды облысы - 9509 (+87)

Қостанай облысы - 3112 (+30)

Қызылорда облысы - 3186 (+6)

Маңғыстау облысы - 3171 (+19)

Павлодар облысы - 3554 (+23)

Солтүстік Қазақстан облысы - 3573 (+34)

Түркістан облысы - 3032 (+23)

3 және 9 тамыз аралығында Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 211 адам көз жұмды. Қайтыс болғандардың жалпы саны – 1269.

Сонымен қатар, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша мәліметтерді де жариялады. Өткен тәулікте ол 57 адамнан анықталса, 9 өлім жағдайы тіркелді.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 13 337, 173 адам көз жұмды.

 

Фото: inform.kz