COVID-19: Қазақстанда коронавирусты жұқтыру жағдайларының өсімі тоқтады

COVID-19: Қазақстанда коронавирусты жұқтыру жағдайларының өсімі тоқтады

Қазақстанда коронавирусты жұқтыру өсімі тоқтады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлімдеді. Оның айтуынша, республика қауіпті кезеңнен өтті.

«Қазақстанда коронавирусты жұқтыру өсімі тоқтатылды. Ел бойынша жағдай айтарлықтай жақсарды. Атқарушы билік ахуалды қатаң бақылауда ұстап отыр. Медициналық қауымдастықтың санитарлық-эпидемиологиялық қызметі өзіне жүктелген міндетін толық көлемде орындап жатыр. Осылайша, еліміз ең күрделі кезеңді артта қалдырды десек болады», - деді ресми өкіл Орталық коммуникациялар қызметінде.

Осы орайда ол жеткен жетісттіке қуанып, босаңсуға болмайтынын да жеткізді. Бағдат Қожахметов ендігі міндет – індетті жұқтыру мен өлім-жітім факторын тоқтату екендігін айта келе, ел халқын санитарлық ережелерді қатаң орындауға шақырды.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

 

Фото: almaty.tv